16 сәуірде 1960 жылғы науқас «Жүрек ырғағының бұзылуы» диагнозымен Көкшетау қаласынан Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл түрде жеткізілді.
Пациентті тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасының қатысуымен «Pilatus PS-12» ұшағымен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында дәрігер Бейсенов Ахан Сайлауұлы және фельдшер Тоқтыбаев Асылбек Мэлсұлы болды.
Медициналық авиация мобильді бригадасының жоғары кәсібилігі мен тәжірибесінің, сондай-ақ ұшқыштардың білікті жұмысының арқасында науқас дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, білікті дәрігерлердің қарауына берілді.