fbpx

KZ

2025 жылдың 10 сәуірінде ҰШМҮО Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мектеп-лицейінің 7 "И" сынып оқушылары үшін «Ата-ананың жұмысындағы бір күн» жобасы аясында экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында оқушылар клиниканың қабылдау бөлімін, Оқу-жаттығу орталығын және медициналық авиация бөлімін аралады. Орталықтың қызметкерлері мекеменің жұмысы туралы жан-жақты айтып беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әсіресе Оқу-жаттығу орталығында өткізілген іс-шара ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда оқушылар шұғыл жағдайлар кезінде жедел жәрдемге дейін алғашқы көмекті дұрыс көрсетудің маңыздылығымен танысты. Арнайы манекендер арқылы жүрек-өкпе реанимациясы бойынша алғашқы көмек көрсету дағдыларын тәжірибе жүзінде жасап көрді.
Бұл шара өте танымды және әсерлі өтті. Оқушылардың медициналық мамандықтарға деген қызығушылығы артып, жаңа білім мен маңызды тәжірибе жинақтады.м
FaLang translation system by Faboba