2025 жылдың 8 сәуірінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы «Аlaman Air» ЖШС-нің Bombardier Challenger CL-600-2B19 ұшағымен Қазақстан Республикасының азаматын Сеул (Оңтүстік Корея) — Алматы (Қазақстан) бағытымен тасымалдау бойынша халықаралық рейс ұйымдастырды.
ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильді бригадасы дәрігер Тілекберді С. және фельдшер Рахимжанов М. 4 жастағы жүрек ақауы диагнозы қойылған баланы Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына тасымалдап, дәрігерлердің қарауына тапсырды.
Мобильді бригаданың білікті мамандары мен ұшқыштарының кәсібилігі мен тәжірибесінің арқасында науқас ұзақ ұшудан кейін елдегі ауруханаға қауіпсіз жеткізіліп, медицина мамандарының бақылауына берілді.