Бұл маңызы бар тарихи іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы, Әзірбайжан Республикасының Республикалық жедел медициналық көмек орталығының директоры, Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық білім және ғылым бөлімі басшысы, Доктор, Еуропалық одақ және сыртқы істер департаментінің Бас Директоры, Өзбекстан Республикасының Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету ғылыми орталығының Бас Директоры қатысты.
Меморандумға қол қою шұғыл медициналық көмек жүйесін дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызды қадам болмақ. Болашақта төтенше жағдайларда өзара көмекті нығайту және түркі мемлекеттерінің денсаулық сақтау жүйелерін дамудың жаңа деңгейіне шығару жоспарлануда.