fbpx

KZ

2025 жылғы 3 наурызда Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына қарасты медициналық авиация бөлімшесіне Қызылқоға аудандық орталық ауруханасынан 1989 жылғы жүктілігі бар пациентке қатысты тапсырыс түсті. Диагноз: «29-30 аптадағы мерзімінен бұрын операциялық босану. Плацентаның алдын ала орналасуы және оның өсіп кетуі. Қан кету (қаны жоғалту көлемі 2 литр). Ауыр дәрежедегі анемия».

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәрігерлер уақытылы көмек көрсеткеннен кейін, пациентке қосымша медициналық тексеру қажет екені анықталып, облыс орталығына тасымалдау туралы шешім қабылданды. Науқас ЕС-145 әуе кемесімен одан әрі емді жалғастыру, қосымша қарап тексеру үшін облыс орталығына тасымалданды.

ҰШМҮО медициналық авиацияның мобильді бригадасының дайындығы мен жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған жұмысының арқасында науқас облыс орталығына қауіпсіз тасымалданып, емінің жалғастырылуы қамтамасыз етілді.

 

 

FaLang translation system by Faboba