fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103
13–14 наурызда ҰШМҮО мекеменің медициналық қызметкерлеріне неонаталдық реанимация бойынша дәріс өткізіп жатыр. Қатысушылар реанимациялық шаралардың алгоритмдерін жүйелеп, жаңа туған нәрестелерге арналған дәрі-дәрмектерді қолдану принциптерін, дозалау ерекшеліктерін үйренеді. Әсіресе, төтенше жағдайлардағы командалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір қатысушы реанимациялық бригаданың жетекшісі рөлінде болып, критикалық жағдайларда команданы басқаруға жаттығады.
Бұл курс медициналық мамандарға нәрестенің жағдайын жылдам бағалап, төтенше жағдайларда сенімді әрекет етуге және заманауи реанимация протоколдарын тиімді қолдануға көмектеседі.