fbpx

KZ

ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы, Басқарма Төрағасының шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Сапаров Асхат Ишанғалиұлы ҚР ТЖМ авиациясының Бас директоры "Қазавиақұтқару" Камалов Алпамыс Әмірғалиұлымен кездесті.

Кездесу барысында медициналық авиация саласындағы ынтымақтастық, жедел медициналық эвакуация және науқастарды шұғыл тасымалдау мәселелері талқыланды. Жиында ұшулар логистикасын жетілдіру мен қызметтер арасындағы үйлестіру тиімділігін арттыру және медициналық авиация жұмысына заманауи технологияларды енгізуге басты назар аударылды.

ҰШМҮО мен "Қазавиақұтқару" арасындағы ынтымақтастық Қазақстан бойынша шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Өйткені, аталмыш мекемелердің жұмысы шұғыл жағдайларда жедел әрекет етуге және өмірді сақтауға бағытталған.

FaLang translation system by Faboba