Екі науқас төменгі қабырғалық миокард инфарктісімен Атырау облыстық кардиоорталығына жеткізілді
2025 жылдың 27-ші ақпанында Құрманғазы аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүрек аймағы ауырсынуы мен кеуде қуысының күйдіру сезімі шағымымен екі науқас түсті. Пациенттерге алғашқы жедел көмек көрсетіліп, төменгі қабырғалық миокард инфарктісі диагнозы қойылды. Науқастардың жағдайы ауыр болғандықтан, Атырау облыстық кардиоорталығына тасымалдау туралы шешім қабылданды. ҰШМҮО мобильді медициналық авиация бригадасы бастаған дәрігерлер реаниматолог-анестезиологтар Суйесинов И. С. мен Лесұлы Т. және медсестра Измакова А. Ми-8 тікұшағының бортымен тасымалдады.
ҰШМҮО мамандарының жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде науқастар Атырау облыстық кардиоорталығына аман-есен жеткізілді.