fbpx

KZ
Оқиға 2020 жылғы 18 қыркүйекте болды. Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік қызметіне жазғы кафе қызметкерлерінен қоңырау келіп түсті, олар келушілердің бірі кәуаппен шашалып, тыныс алуын тоқтатып, көгере бастағанын хабарлады. Медициналық мамандар шақыртудан кейін 7 минуттан соң келіп, дереу шұғыл медициналық көмек көрсетуге кірісті. Бригада Геймлих әдісін қолданды, осылайша пациенттің тыныс жолдарын босатты, алайда науқас есін жимады. Содан кейін дәрігерлер реанимациялық шаралар жасауды бастады. Пациент санасы айқындалып қалпына келгеннен кейін, оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосты және жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Кешке қарай ер адам санада болды, қазір оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректеріне сәйкес 2020 жылдың 8 айында жедел медициналық жәрдем қызметі елімізде 5 478 908 шақыруға қызмет көрсетті, оның ішінде реанимацияны сәтті жүргізу жағдайларының саны 505 жағдайды құрады.

FaLang translation system by Faboba