fbpx

KZ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлының қолдауымен, Қазақстандағы ағзалық донорлықты тану мен қолдауға арналған – «Асыл қадам» атты, Алғыс күніне орай іс-шара өткізді.

"Асыл қадам" біздің болашаққа деген ортақ қадамымызды, құтқарылған өмір, зейін мен мейірімділікті бейнелейді. Қазақстанда 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күні қарсаңында барлық трансплант-хирургтерімізге, медбикелерге, дәрігерлерге, донордың туыстарына, шұғыл медициналық үйлестру орталықтың ұжымына, аймақтық және республикалық трансплант-координаторларға, жеті трансплант орталықтарымызға және барлық адам өмірінің жалғасуына қол ұшын беріп жатқан жандарға, осы ізгі іске қатысқандары үшін ризашылығымызды білдіре отырып, өмірден өтсе де, басқа жандарға өмір сыйлаған донорларға үнсіздік жарияланды.

Бұл іс-шара тек құрмет емес, сонымен қатар іс-әрекетке жанашыр болып, қол ұшын беріп, атсалысып жүрген азаматтарымыз да аз емес. Осы ретте сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасының орынбасары Ахатай Баян Орынбасарқызы трансплантологияны ілгерілетуде үлес қосып, қолдау білдіріп жүрген абзал жанашыр жандардың бірі. Статистикаға сай елімізде 1 млн адамға 0,2 ағза донорынан келеді, бұл өте аз көрсеткіш. Бұған себеп: қоғамның қабылдау деңгейі, ақпараттың толыққанды, дұрыс жетпеуі. Бұл ретте Аналар кеңесі барлық өңірде қолдау көрсетіп жүргенін Баян Орынбасарқызы жеткізді.

Сондай-ақ, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманына Бауыржан Абдуалиевке, Протоиерей Димитрий Филиппович Байдекке сөз берілді. Алғыс айту күнінде адамның өмірін сақтауда жасалып жатқан ізгі-істерде дінімізде 5 құндылық бар екенін айтып, соның ішінде адамның өмірін қорғау немесе сақтап қалу, ең маңызды құндылық екенін, - Бауыржан Абдуалиев, шариғат және пәтуа бөлімінің маманы атап айтты. Аталмыш іс-шараға ҰШМҮО «AMANAT» партиясының «Медициналық авиация» Бастауыш партия Ұйымы да қатысты.

 Алғашқы жүрек реципиенті - Жәнібек Оспанов өз сөзінде “өзіме аманатталған жүректің неғұрлым ұзағырақ соғуына жұмыс жасаймын” ,- деген жүрек жарды сөзін айтып, бұл салада атқарылып жатқан істердің аз еместігін және атсалысып қызмет жасап жүрген азаматтардың аз еместігі де атап өтті.

 Сондай-ақ, Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасының басшысы Жанболат Бердібайұлына, Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі Әділхан Бейбітұлына, Павлодар облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі Дмитрий Николаевичке Zoom арқылы байланысқа шығып, сөз беріліп жүрек жарды алғыс тілектерін білдірді.

 

 

FaLang translation system by Faboba