Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында AMANAT партиясы Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаевпен кездесу өтті.
Жиын барысында «Медициналық авиация» бастауыш партия ұйымының төрайымы зейнетке шығуына байланысты ҰШМҮО Басқарма Төрағасының шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Сапаров Асхат Ишанғалиұлы бастауыш партия ұйымының Төрағасы болып сайланды. Аталмыш іс-шарадан соң, Басқарма Төрағасының шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Асхат Ишанғалиұлы AMANAT партиясы Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаевқа ҰШМҮО қатысты мәліметтермен бөлісіп, мекемені толықтай таныстырып шықты.