fbpx

KZ

2025 жылдың 13 ақпанында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Bombardier Challenger CRJ200 ұшағымен Қазақстан Республикасының азаматшасын Нюрнберг (Германия) - Трабзон (Түркия) – Алматы (Қазақстан) бағыты арқылы тасымалдау бойынша халықаралық рейс ұйымдастырды. Медициналық авиацияның мобильді бригада мамандары Германияның Нюнберг қаласындағы ауруханадан 1963 жылы туылған науқасты ишемиялық инсульт диагнозымен Алматы көпсалалық клиникалық ауруханасына жеткізді. Науқастың жағдайы өздігінен тыныс алмайтын, ес-түссіз бірқалыпты ауыр халде болды.

FaLang translation system by Faboba