fbpx

KZ

Жаңа жыл қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінде жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлерін биылғы жылы кәсіби борышын орындау кезінде көрсеткен жанқиярлығы мен батылдығы үшін марапаттау рәсімі өтті. Сондай - ақ, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел медициналық жәрдем ардагерлері - Нурутдинова Галия Хасеновна, Мусин Евгений Шакирович, Имамбаева Зауре Кенесовна,Мусина Саягуль Толеубековна шақырылды. Ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем (ЖМ:) бригадалары 7, 7 млн.астам шақыруларға қызмет көрсетті, оның ішінде 1-3 санатта 4,9 млн. шақыруларға және 4 санатта 2,8 млн. шақыруларға емханалар жанындағы бригадалар қызмет көрсетті. “Жедел медициналық жәрдем бүгінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қызмет көрсетіледі. Сіздің жұмысыңыз азаматтар үшін әлі де тегін және тәулік бойы, аптасына жеті күн қолжетімді”,-деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің құттықтау сөзінде. Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1% - ға артып, барлық жағдайлардың 51,7% - на жетті. Барлық фельдшерлер төтенше жағдайларда, өрт, су тасқыны кезінде, ауыр ЖКО кезінде медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қауымдастығының “Үздік қызметші” төсбелгісімен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba