2024 жылдың 9 айындағы ҚР жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыру жөнінде жұмыс кездесуі өткізілді. Баяндама жасағандар:ҰШМҮО Басқарма Төрағасының шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Сапаров А.И. — жедел медициналық көмек қызметі туралы. ҰШМҮО Медициналық статистика және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары бөлімінің жетекшісі Нурутдинова Г.Х. — медициналық авиация туралы. «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКК директоры Досжанов Амантай Есенғалиұлы — Маңғыстау облысындағы жұмыс нәтижелері туралы. ҰШМҮО 103-ті координациялау бөлімінің бас маманы Кушербаева А.М. — медициналық авиацияны қолданумен жедел медициналық көмек көрсету ережелері бойынша өзгерістер жобасы туралы. Кездесуге қатысушылар жобаны әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, ұсыныстар енгізді. Жер үсті санитарлық транспортты пайдалана отырып, медициналық көмектің тарифі жоқтығы туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ, проблемалық мәселелер мен оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды.