fbpx

KZ
2020 жылғы 22 қыркүйекте ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ҰШМҮО) «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ аумағында өткен «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС ұсынатын Piper PA 42 ұшағының және Nesterov Aviation Ltd компаниясы ұсынатын Pilatus PC-24 ұшағының тұсаукесеріне қатысты.

Тұсаукесерге ҚР ДСМ МКҰД директорының міндетін атқарушы – Е. С. Мирзакулов, сондай – ақ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өкілдері, келесі құрамда: Орлдери Линда – Бас директордың бірінші орынбасары, Арайлым Қалиева – көмекші, Игорь Евгеньевич Петяшин – ұшуды пайдалану департаментінің директоры, Сүлейменов Төлеубек – қауіпті жүктер жөніндегі басқарманың аға авиациялық инспекторы, Қанат Жүсіпов – аса жеңіл әуе кемелері басқармасының басшысы қатысты.

Презентация барысында ұшақтардың интерьерлері, ұшу-техникалық және интерьерлік сипаттамалары бойынша үлестірме материалдар көрсетілді. Сондай - ақ, ұшақ салонының конфигурациясын мамандандырылған медициналық әуе кемесінің нұсқасына (FWAA-Fixed Wing Air ambulance) қайта жабдықтау мүмкіндігі бойынша мәселе қаралды.

Осыдан кейін ҰШМҮО өкілдері 50 минутты құрайтын Pilatus PC-24 ұшағымен тесттен өткізу ұшуына қатысты.

FaLang translation system by Faboba