fbpx

KZ

Тұрғындар бұдан былай да 103 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалу арқылы жедел жәрдем шақыра алады.
Енгізіліп жатқан өзгерістер емханаларда ұйымдастырылған мобильді топтардың жұмысына қатысты. Енді бұрынғы 35 мың емес, 25 мың адамға бір бригададан келеді.
Жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту туралы шағымдарға байланысты және қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында емханаларда 4-санаттағы жедел жәрдем шақыруларына жұмыс уақытында жауап беретін мобильді топтардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде, жедел аурудың немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің функцияларының кенеттен және айқын бұзылуынсыз, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде науқастың жағдайы жеделдіктің 4-санатына шақырудың себебі болып табылады.
Сондай — ақ, балаларға көмек көрсету үшін шақырылған жағдайда педиатр, ал ересектер үшін - ауру бейіні бойынша мамандар (кардиологтар, неврологтар және т.б.) жіберіледі. Мобильді бригадалардың жұмысы емханалардың жұмыс кестесімен үндестірілетін болады.
20:00-ден 8:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс күндері қоңыраулар әдеттегі жедел жәрдем бригадаларына қызмет көрсетуді жалғастырады.

FaLang translation system by Faboba