fbpx

KZ

Құқықтық тәртіп сақшылары ауыр қылмысқа күдіктіні ұстауға көмектескендері үшін жедел жәрдем қызметкерлері: Данияр Қалибековке, Айдар Раисовқа және Виктор Худяковқа алғыстарын білдірді.
Оқиға 19 шілде күні Өскеменде Абай-Шәкәрім даңғылының қиылысындағы жанармай құю станцияларының бірінде болған.
Сағат 20.00 шамасында Жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы Сограға шақыруға шықты. Жанармай құю станцияларының бірінің жанынан өтіп бара жатып, үлкен терезелер арқылы бетперде киген адамды байқаған. Бетперде киген ер адам кассир әйел мен ер адамды қорқытқан. Бригада тоқтап, полиция қызметкерлерін бірден шақырды. Осы кезде жүргізуші жанармай құю станциясының кассирі мен күзетшісі ғимараттан қашып құтылуы үшін шабуылдаушының назарын аудару мақсатында жедел жәрдемнің дыбыс сигналын шығарды. Қылмыскердің өзі жасырынуға тырысты.

Біздің фельдшер Данияр Қалибеков пен жүргізуші Айдар Раисов қылмыскерді ұстап алып, қолынбұрап, зардап шеккендерге көмек көрсетті, - деді ШҚО ЖМЖ қызметкерлері.

Полицейлер жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің үйлесімді және айқын іс-әрекеттерін, батылдығы мен азаматтық ұстанымын атап өтті. Сондай-ақ, Данияр Қалибеков, Айдар Раисов және Виктор Худяков естелік ретінде "командирлік" сағат алды.

FaLang translation system by Faboba