Бүгін, 2024 жылы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығымен және жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен "Жедел медициналық жәрдем бригадаларының Спартакиадасын" өткізіп жатыр.Бұл іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған “үздік бригада” атағына таласатын командалар жиналды.
Барлық мамандар мен мүдделі тұлғаларды біздің бригадаларымызды қолдауға және жарыстарды бақылауға шақырамыз.
Бұл Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем жүйесін жақсартуға және барлық азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.