fbpx

KZ

2024 жылғы 11 мамырда Жетісай ауданының Орталық аудандық ауруханасында денедегі қызамық белгілері, тері атрофиясы бар асқынулардың салдарынан ауыр жай-күйде нәресте дүниеге келді.

Сол күні сағат 17:00-де Шымкент қаласындағы Облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігер-неонатолог пен реаниматологтың телемедициналық консультациясы өтіп, нәтижесінде облыстық деңгейге одан әрі емдеу үшін медициналық авиацияның әуе кемесімен нәрестені жеткізу туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Жетісай аудандық Орталық аудандық ауруханасынан жаңа туған нәресте Шымкент қаласындағы Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Медициналық авиацияның мобильдік бригадасының алып жүруімен нәрестені тасымалдау сәтті жүргізілді.

FaLang translation system by Faboba