fbpx

KZ

Спартакиадада бригадалар жол апатына ұшырағанда, күйік алу кезінде, үй жағдайы немесе автокөлікте босану тәрізді жағдайларда алғашқы шұғыл медициналық көмекті көрсету бойынша өзінің біліктілігін жоғары деңгейде көрсетті.

Қалалық бригадалар арасында Ақтау ЖМЖ қосалқы станциясы жеңіске жетіп, екінші орынды Мұнайлы ЖМЖ қосалқы станциясы иеленсе, Жаңаөзен қалалық ЖМЖ станциясы үшінші орынға табан тіреді.
Аудандық бригадалар арасында Бейнеу ЖМЖ станциясы жеңіске жетіп, Ақшұқыр ЖМЖ қосалқы станциясы екінші, Түпқараған ЖМЖ қосалқы станциясы үшінші орынды иеленді.

Спартакиада мақсаты – бригадалардың біліктілігін арттыру, көмек көрсету кезінде уақытты тиімді қолдану, науқастың өміріне араша түсіп, сақтап қалу.

FaLang translation system by Faboba