fbpx

KZ
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2020 жылғы 14-15 қыркүйекте өткен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-ші сессиясы шеңберінде ДДҰ мемлекеттік қатысушыларымен 17 қыркүйекті жыл сайынғы Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күні деп жариялау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күнінің 2020 жылғы ұраны: «Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі-пациенттердің қауіпсіздігі».

Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күнінің 2020 жылғы мақсаттары: - Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігінің маңызды мәні және оның бүкіл әлемдегі пациенттердің қауіпсіздігімен өзара байланысы туралы хабардар болу деңгейін арттыру; - Көптеген мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз ету және медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыру үшін кешенді стратегияларды қабылдау; - Медицина қызметкерлерінің, әсіресе COVID-19-ға қарсы күрес шеңберінде жанкешті және қауырт жұмысын лайықты тануды қамтамасыз ету. Осы күнді еске алу үшін ДДҰ қыркүйек айында бірқатар виртуалды және басқа да шараларды өткізуді ұсынады.

Жаһандық науқанның ерекшелігі-жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, әйгілі ескерткіштерді, көрікті жерлерді және қоғамдық орындарды қызғылт сары түспен бөлектеу. Бұл барлық медицина қызметкерлеріне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі.

Толығырақ ақпаратты https://www.who.int/campaigns/world-patient-safety-day/2020/campaign-materials сайтынан таба аласыз.

FaLang translation system by Faboba