fbpx

KZ

2024 жылғы 28 сәуірде Атырау-Жылыой тас жолында жүк көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, нәтижесінде 10 адам зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккендерге іріктеу жүргізді, медициналық алғашқы көмек уақтылы көрсетілді, зардап шеккендер Жылыой орталық ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккендердің арасында 2024 жылы туған нәресте болды, 103 келгенге дейін үш айлық нәресте алған жарақаттарына байланысты жүрек тоқтап, клиникалық өлімге ұшырады.

Құрамында фельдшер Ж.Дощанова, фельдшер Ж. Штаконова және жүргізуші М. Мырзағалиев бар бригада өздерінің барлық кәсіби дағдыларын көрсете отырып, халықаралық стандарттар бойынша педиатрияда жүрек-өкпе реанимациясының заманауи әдістерін қолданды, жарақат алған сәбидің жағдайын қалпына келтірді (реанимация кезінде екі рет жүрек тоқтауы болды) және оны аудандық аурухананың реанимация бөліміне жеткізді.

Жедел әрекет ету және уақтылы шұғыл көмек көрсету арқылы жедел жәрдем бригадасы сәтті реанимация өткізіп, еліміздің кішкентай азаматының өмірін сақтап қалды.

FaLang translation system by Faboba