fbpx

KZ

2024 жылғы 2 мамыр сағат 12:28-де Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының «103» пультіне «адам ессіз, қақалды» деген себеппен шақыру келіп түсті.

Бұл шақыру 1-жеделдік санатына жатқызылды (10 минутқа дейін жету), дереу №26 бригадаға берілді. Құрамында фельдшер Құрмашева Мейрамгүл мен фельдшер Литиева Аяулым бар бригада шұғыл түрде шақыруға шығып, 4 минут ішінде оқиға орнына жетті.

Келгеннен кейін 1951 жылы туылған әйелдің тамақтану кезінде апельсин тілімімен қақалуы анықталды. Қарап-тексеру кезінде қарт әйел сөйлей алмады, тыныс алу қиын, шуы бар.

Көрсетілген алғашқы медициналық көмек нәтиже бермеді, осыған байланысты бригада реанимациялық шараларға көшті: жүрек-өкпе реанимациясын жасай бастады.

Бригаданың жедел және үйлесімді жұмысының, жүрек-өкпе реанимациясын уақтылы жүргізудің және алгоритмге сәйкес көмек көрсетудің арқасында пациент сәтті реанимацияланып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba