fbpx

KZ

Ағымдағы жылдың 25-26 сәуірінде Алматы қаласында «Инсульттің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция аясында 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының инсульт қызметінің үйлестіру кеңесі өтті.
Іс-шараны «Жүрек және ми» Азиялық қоғамыҰШМҮО Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығымен және Алматы қаласындағы №7 клиникалық ауруханамен бірлесіп ұйымдастырды.

Жүрек-қан тамырлары аурулары қазіргі қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі болып қала береді, бұл олардың аурушаңдық, өлім-жітім құрылымындағы және біріншілік мүгедектік себебінің жоғары үлесімен түсіндіріледі.
Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алады. Аурудың алғашқы 10 күнінде 5 мың адам көз жұмады.

FaLang translation system by Faboba