fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

?Бүгін «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты республикалық экономикалық акция аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жетекшілігімен ҰШМҮО басқарма төрағасы Мұратов Тимур қалалық сенбілікке қатысты. Аталмыш акцияны Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен қызметкерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері де қолдады.

?Сондай-ақ акция аясында «Алтын жүрек» мемориалының аумағына ағаштар отырғызылды.

Ағаш отырғызу – Отанға деген сүйіспеншілікті сөзбен емес, іспен білдіретін игі істердің бірі. Ағаш отырғызу - жер бетіне өз ізіңді қалдырудың тамаша мүмкіндігі.

Биыл Астанада 1,1 миллион жасыл желек отырғызу жоспарлануда.