fbpx

KZ

Сәуір айының соңғы аптасында атап өтілетін Дүниежүзілік иммундау апталығы – ұжымдық әрекет ету қажеттілігін көрсетуге және барлық жастағы адамдарды әртүрлі аурулардан қорғау үшін вакциналарды қолдануды насихаттауға бағытталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналар мен иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру және үкіметтердің жоғары сапалы иммундау бағдарламаларын жүзеге асыру үшін дүние жүзіндегі елдермен жұмыс істейді. Сондай-ақ, қажетті кеңестер мен техникалық қолдау алу жолдарын қамтамасыз етеді.

Дүниежүзілік иммундау апталығының түпкі мақсаты – адамдар мен олардың қауымдастықтарын вакцина көмегімен жазылатын аурулардан қорғау.

Уақытында екпе алып, өзіңізді және жақындарыңыздың аурудан сақтаңыз!

FaLang translation system by Faboba