fbpx

KZ

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде ҰШМҮО Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығының қызметкерлері инсульт орталықтарының Қазақстан Республикасында неврологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкестігін бағалау мақсатында Қарағанды ​​облысына аудит жүргізуге барды және мынадай 2 инсульт орталығын: «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК мен Қарағанды облыстық кардиохирургия орталығы базасындағы «Ақжан» ЖШС-ны аралады.

Аудит жүргізу нәтижелері бойынша проблемалар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Сондай-ақ Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлерімен және өкілдерімен кездесу өткізіліп, онда өңірдегі инсульт қызметінің артықшылығы мен осал тұстары талқыланды.

Бүгінгі таңда Қарағанды ​​облысында 6 инсульт орталығы жұмыс істейді:

1. Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана

2. Балқаш қаласының көпбейінді ауруханасы;

3. Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасы;

4. № 1 көпбейінді аурухана

5. ЖШС «Гиппократ» МФ Қарағанды қ.

6. ЖШС «Акжан» Қарағанды қ.

FaLang translation system by Faboba