fbpx

KZ

2024 жылы 18 сәуірде ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының азаматын Анталья (Түркия) - Трабзон (Түркия) - Шымкент (Қазақстан) бағыты арқылы тасымалдау бойынша халықаралық рейс ұйымдастырды.

Пациенттің әйелінен күйеуін авиатасымалдауға жәрдемдесу туралы келіп түскен өтініш негізінде құзыретті органдар белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселені қарады.
Науқастың комада болуына байланысты 18 сәуірде одан әрі емдеу үшін науқас Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасына медициналық авиация бортымен тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba