fbpx

KZ

ХІХ ғасыр қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. Ресей енгізген жаңа тәртіп халқымыздың көшпенді тірлігіне барынша әсер етті. Қазақтардың арасында дихандар, саудагерлер ғана емес, сондай-ақ, мұғалімдер, дәрігерлер, генералдар, жазушылар да пайда бола бастады.
Осындай елге танымал және үлгі болған адамдардың бірі – Павлодар уезінің тұңғыш дәрігер-фельдшері Баймырза Тоқтағұлов еді.

Ол 1861-1930 жж. өмір сүрген. Қазақтың фельдшері Омбы қаласындағы әскери госпиталь жанындағы Орталық фельдшерлік мектепті бітірген. 1907 жылы Баймырза Тоқтағұлов Мемлекеттік Думаға де путаттарды сайлаушы болып тағайын далады.
1883-1898 жылдар аралығында Баймырза жедел жәрдем дәрігері ретінде үлкен даңққа ие болды.

FaLang translation system by Faboba