2024 жылғы 31 наурызда денсаулығының нашарлауына байланысты 1995 жылы туылған әйел Ұлытау облысы ДСБ «Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасына» емдеуге жатқызылды.
Консилиум нәтижесінде анықталмаған бактериялық пневмония, ауруханадан тыс субтотальды екі жақты пневмония, экссудативті плеврит, гидроторакс диагнозы қойылды. Пациенттің бұл жай-күйі денсаулығы мен өмірі үшін аса қауіпті болып табылады. Медициналық мамандар дереу емдеуді бастады. Әйелдің жай-күйінің ауырлығын, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу қажеттілігін, облыс орталығынан алыс қашықтық және жол беткейлерінің нашарлығын ескере отырып, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын тарту туралы шешім қабылданды.
Осылайша, сол күні пациент медициналық авиацияның мобильдік желісі арқылы әуе кемесімен Қарағанды облысы ДСБ «Облыстық клиникалық аурухана» КМК-ге зерттеп-қарау және емдеу үшін сәтті тасымалданды. Тасымалдау кезінде пациент медициналық авиация бригадасының және реаниматологтың үздіксіз бақылауында болды.