fbpx

KZ

8-9 ақпанда ҰШМҮО Басқарма Төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Е. Б. Әділбеков Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Сарыағаш қаласындағы орталық аудандық ауруханасында болды. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. М. Байдувалиевпен кездесу барысында Сарыағаш қаласының қолданыстағы инсульт орталығының пациенттерінің логистикасы, сондай-ақ 2027 жылға қарай ашылуы жоспарланып отырған инсульт және ЧКВ орталықтары бар 550 төсектік жаңа корпустар салу және ашу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ол Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада болып, бас дәрігер – Ж.Б. Дильдабековпен, Түркістан облысының бас штаттан тыс нейрохирургі – А.К. Бақтияровпен, бас штаттан тыс невропатолог – Н. А. Жарқынбековамен кездесті. Инсульт орталығының жұмысымен, нейрохирургия және оңалту бөлімшелерімен, қабылдау бөлмешесімен, КТ, МРТ аппараттарының кабинеттерімен танысты.
Ержан Боранбайұлы сонымен қатар 3 деңгейдегі инсульт орталығы бар Шымкент қаласының №1 қалалық ауруханада болды және бас дәрігердің хирургиялық бөлім жөніндегі орынбасары Н.Т. Естемесовпен кездесті. Кадр тапшылығына байланысты эндоваскулярлық хирургия бойынша инсульт науқастарының логистикасы мәселелері талқыланды.

FaLang translation system by Faboba