Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) Марат Манапұлы Дауталиевтің төрағалығымен, Кәсіпорынның басқарма төрағасы Тимур Мұратұлы Мұратовтың, Байқау кеңесіне есеп беретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен бейне-конференц-байланыс арқылы отырысы өтті.
Байқау кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарында көзделген ағымдағы мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, Кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің басшысы, Кәсіпорынның өзіндік қауіпсіздік қызметінің кеңесшісі атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша Байқау кеңесі Басқару органдарының өзара іс-қимылы, Кәсіпорынның ішкі аудит қызметі қамтитын сапалы тексерулер жүргізу, Кәсіпорын мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.