fbpx

KZ

Жедел медициналық көмек жұмысы әрқашан алдыңғы қатарда екенін бәрімізге мәлім. Жедел жәрдем қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау барысында шабуыл жасалатын жағдайлар да кездеседі.
Соңғы уақытта жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне жасалған шабуылдар жиілей бастады. Мысалы, 2023 жылы осындай 55 жағдай тіркелді. Жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерлеріне шабуыл жасалған 55 жағдайдың 11% жағдайы қылмыстық жауапкершілікке тарту, 9% - әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал 80% - тараптардың татуласуымен қорытындыланды. Өз кезегінде, ҰШМҮО өз тарапынан Baigenews жаңалықтар порталы, Алматы телеарнасы сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат берді, алдағы уақытта Қазақстан және Хабар телеарналарына сұхбат беру жоспарлануда.

FaLang translation system by Faboba