fbpx

KZ

                                               

Бүгін Басқарма Төрағасы Мұратов Тимур Мұратұлы жұмыс сапары аясында Жаңаөзен қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясына болды. Кездесуге Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары және Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да қатысты.
Станцияда 2020 жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Бүгінгі таңда "Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы"ШЖҚ МКК ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізілді. Станция қаланың 148 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Күн сайын желіде 11 фельдшерлік бригада жұмыс істейді. Екі қабатты ғимаратта диспетчерлік бөлме, конференц-зал, асхана, бірнеше демалыс бөлмелері және 60-қа жуық кабинет бар. Сонымен қатар санитарлық көліктерге арналған шатырлы тұрақ бар.

FaLang translation system by Faboba