fbpx

KZ

2023 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) базасында Марат Манапұлы Дәуталиевтің төрағалығымен, Байқау кеңесі төрағасының орынбасары Г.Д. Өтепованың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан Байқау кеңесінің мүшелері Г.К. Жангарашеваның, Н. Н. Дүсіповтің, Кәсіпорын Басқармасы төрағасының орынбасары Е. Б. Әділбековтің, Ішкі аудит қызметінің өкілдері мен қатысы бар Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен  2023 жылға қорытынды Байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ағымдағы жылы Байқау кеңесінің өзекті мәселелер қаралған 14 отырысы (2022 жылы – 4) өткізілді, кейбір отырыстар жылдам шешімдер шығаруды талап еткендіктен шұғыл түрде өткізілді. Байқау кеңесінің кезекті отырысы Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын, Байқау кеңесінің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын және т. б.  сияқты маңызды мәселелерді қарауға арналды.

Отырыс қорытындысы бойынша Байқау кеңесі Кәсіпорынды одан әрі дамыту және қойылған міндеттердің орындалуын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

FaLang translation system by Faboba