fbpx

KZ

2023 жылғы 14 қарашада жүкті әйел Жылыой аудандық орталық ауруханасына емдеуге жатқызылды. Қабылдау бөлімшесінде әйелді дәрігер мамандар медициналық қарап-тексеруден өткізді. Нәтижесінде оған қақпа венасының ақауы, өңеш веналарының 3 дәрежелі варикоздық кеңеюі диагнозы қойылды.


2023 жылғы 20 қарашада іштегі нәресте мен ананың өмірін құтқару үшін медициналық авиацияның мобильдік бригадасы Pilatus PC-12 ұшағымен әйелді Астанаға тасымалдады. Қазір қазіргі уақытта пациент ҚР Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында арнайы ем қабылдауда.

FaLang translation system by Faboba