fbpx

KZ

Тарбағатай аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жол-көлік оқиғасынан кейін жедел медициналық жәрдем бригадасымен жасөспірім жеткізілді. Ол жағдайдың ауырлығына байланысты шағымданбады, ес-түссіз күйде болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған, көлікпен соқтығысқан кезде мотоцикл жолаушысы болған.

Қабылдау бөлмімшесінде баланы кезекші дәрігерлер қарап-тексерді, шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Бассүйек ішілік жарақат, мидың жарақаты, кома диагнозы қойылды.

Аудандық ауруханада «Бассүйек трепанациясы» операциясы және жамбас сүйегінің иммобилизациясы жүргізілді.

Облыстық медицина мамандарымен бірнеше рет консультациялар өткізілді.

Пациент жай-күйінің ауырлығына, асқыну қаупіне байланысты баланы одан әрі зерттеп-қарау және емдеу үшін балалар реаниматологының сүйемелдеуімен Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалданды.

Құрметті ата-аналар! Назар аударыңыздар: мотоцикл апаттарында ауыр жарақат алу мүмкіндігі өте жоғары. Корпустың немесе қауіпсіздік белдіктерінің болмауына байланысты мотоциклмен жүретін балалар жиі бас жарақаттарына, сынықтарға және басқа да ауыр жарақаттарға тап болады. Кейбір жағдайларда бұл жарақаттар өлімге әкелуі мүмкін.

Балаңызға мотоциклмен жүруге рұқсат беру арқылы қауіп төндірмеңіз. Оның өмірі мен денсаулығын қорғаңыз!

 

 

 

FaLang translation system by Faboba