fbpx

KZ

Солтүстік Қазақстан облысының көпбейінді балалар облыстық ауруханасына бес айлық бала келіп түсті. Анасының айтуынша, жөтел, мұрыннан су ағуына шағымданды.

Бала туылғаннан бастап «Туа біткен жүрек ақауы» диагнозымен кардиологте «Д» есебінде тұрады. Сондай-ақ, зерттеп-қарау негізінде өкпенің туа біткен ақауы анықталды.

Баланың жай-күйі тыныс алу жүйесінің бұзылуына байланысты ауыр. Тыныс алуы тоқтаған, реанимациялық шаралар жүргізілді. Балаға интубация жасалынды және аппараттық тыныс алуға ауыстырылды.

Негізгі диагноз бойынша асқынулардың жоғарылау қаупін, сондай-ақ емдеуде оң динамиканың болмауын ескере отырып, бала шұғыл түрде Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді, онда оған шұғыл түрде операция жасалады.

Баланың тезірек сауығып кетуін тілейміз!

FaLang translation system by Faboba