fbpx

KZ

2023 жылғы 28-29 қыркүйекте Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы облыстық жедел медициналық жәрдем станцияларының медициналық авиация бөлімшелері үйлестіруші дәрігерлерінің жұмыс кеңесін өткізді.

ҰШМҮО Басқарма төрағасы Т. Мұратов қатысушылардың алдында құттықтау сөз сөзбен кеңесті бастады.

Өз сөзінде Тимур Мұратұлы шұғыл медициналық көмек денсаулық сақтау жүйесінің маңызды саласы болғанын және болып қала беретінін, оның жұмыс тиімділігі халықтың денсаулығы мен өмірін сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Медициналық авиация қызметінің 2023 жылғы 9 айдағы қызметі туралы Басқарушы директор А. Сапаров баяндама жасады.

ҰШМҮО басшылығы қазіргі проблемалық сәттерге тұрақты талдау жүргізіп қана қоймай, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында оларды тиімді жою және түзету жөнінде ұсыныстар енгізіп отырғаны атап өтілді.

Кеңеске қатысушыларға ҰШМҮО жауапты қызметкерлері инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық аспектілерін, пациенттердің медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттануын, медициналық авиацияның мобильдік бригадасының әуе кемесінің жағдайына қанағаттануын, тамақтануды және т.б. талдауды таныстырды, сондай-ақ медициналық құжаттарды толтырудың дұрыстығы мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында медициналық авиация бөлімшелерінің үйлестіруші дәрігерлері өз бөлімшелерінің пікірімен және жұмыс тәжірибесімен бөлісті.  Бар проблемалық сәттер аталып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Екі күндік жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша үйлестіруші дәрігерлерге тиісті ұсынымдар берілді, соның негізінде еліміздің медициналық авиация қызметінің қызметін жақсартудағы одан әрі жұмыс бағыттары айқындалды.

 

FaLang translation system by Faboba