fbpx

KZ

Сыбайлас жемқорлық теріс құбылыс ретінде әлемнің барлық елдеріне таныс жағдай. Сыбайлас жемқорлық құбылыстары барынша азайтылған мемлекеттер ғана шынайы экономикалық өркендеуге қол жеткізетіні белгілі.

Өйткені, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономиканың, әлеуметтік саланың, саясаттың ыдырауына әсер етеді, ал осы құбылыс тудыратын жағымсыз салдарлар қоғамның прогрессивті, үдемелі дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Субъектілер арасындағы өзара іс-қимыл түріне байланысты сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлерін ажыратуға болады:

* Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, яғни азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара іс-қимылы. Оның мәні – шенеуніктердің мемлекеттік қызмет үшін түрлі сыйлықтар мен басқа да игіліктер алуы. Сыбайлас жемқорлықтың бұл түріне непотизмді де жатқызуға болады. Бұл кезде лауазымды тұлға өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, жақын туыстарын, жұбайларын немесе жекжаттарын пайда алу үшін жоғары ақы төленетін жұмыспен немесе қызметпен қамтамасыз етеді.

* Іскерлік сыбайлас жемқорлық – сыбайлас жемқорлықтың бұл түрінде билік өкілі мен бизнес арасындағы заңсыз кооперация қарастырылады. Көп жағдайда бұл келісімшарттар жасасу және «пара алу» кезінде байқалады.

* Саяси сыбайлас жемқорлық – бұл жоғары дәрежелі басшылық пен Жоғарғы соттардың өзара әрекеті. Сыбайлас жемқорлықтың бұл түрі заңсыз мінез-құлқы ел азаматтарының мүдделеріне нұқсан келтіретін мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға әкеп соғатын адамдардың жоғары тұрған топтарына жатады.

Қоғам мен мемлекет даму, бейбітшілік және қауіпсіздік сақтау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуі тиіс. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру – бұл мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның мүдделері мен міндеті. Әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікпен қарауы өркениетті қоғамның көрсеткіші болатын жаңа мәдениетті қалыптастырады.

FaLang translation system by Faboba