fbpx

KZ

Қазақстанда 5 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдері күні атап өтіледі . Ол қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылған. Бұл мерекенің мақсаты-қазақ халқының өз еліне, ана тіліне деген сүйіспешілігін арттыруға және құрмеуге тәрбиелеу және Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Бүгін Іс қағаздарын жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімі Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара ұйымдастырып өткізді.

Жиналғандар алдында басқарушы директор А.Сапаров, Басқарма Төрағасының экономикалық, әкімшілік - шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары А. Қалмағамбетова құттықтау сөз сөйледі.  Өз сөзінде сөз сөйлеушілер елімізде тұратын барлық халықтардың ұлттық құндылықтары мен рухани мәдениетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Осы күннің құрметіне ҰШМҮО қызметкерлері қазақ, орыс, украин, өзбек, ағылшын тілдерінде өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Бұл іс-шара ҰШМҮО қызметкерлері үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуға, Қазақстанда тұратын халықтар туралы көбірек білуге, басқа халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге қызығушылық пен тілек білдіруге үлесін қосты.

FaLang translation system by Faboba