fbpx

KZ

Жай-күйі ауыр нәресте  терінің сарғаюы және шел, билирубин деңгейінің жоғарылауы шағымдарымен "Семей медициналық университеті" КеАҚ педиатриялық бөлімшесіне келіп түсті.

Анасының айтуы бойынша – балада терінің сарғаюы туылғаннан кейін бір аптадан кейін анықталған.

Балаға талдаулар жүргізілді, олардың бірнешеуі жоғары нәтиже көрсетті. Анықталмаған сипаттағы туа біткен гепатит диагнозы қойылды.

Пациенттің жасының кішкентайлығын, өңірде гепатолог дәрігердің жоқтығын, қан кету, жіті бауыр жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары екенін ескере отырып, бала медициналық авиация желісі бойынша Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді.

Құрметті ата-аналар! Егер сіз балаңыздың денсаулығының нашарлауын байқасаңыз, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз!  Уақытылы медициналық көмекке жүгініңіз.

FaLang translation system by Faboba