fbpx

KZ

Егде жастағы әйел қызымен бірге Вьетнамға демалуға туристік жолдамамен кеткен. Алайда, 11 тамызда қайғылы оқиға орын алды. Әйелде жіті ми қанайналым бұзылысы туындаған.  Пациент ауруханаға емдеуге жатқызылды.

Пациенттің қызынан ҚР азаматы-анасын әуетасымалдауға жәрдемдесу туралы келіп түскен өтініштің негізінде құзыретті органдар белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі арқылы тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселені қаралды.

Пациенттің комада болуына, оттегіге тәуелділігіне байланысты 12 қыркүйек одан әрі емдеу үшін пациент медициналық авиация бортымен Астана қаласының № 2 көпбейінді қалалық ауруханасына жеткізілді.

Тасымалдауға Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсетті.

FaLang translation system by Faboba