fbpx

KZ

Бүгін біздің ұжымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тармақтары түсіндірілді.

Жолдаудың әрбір тармағы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік теңдікті орнатуға бағытталған.

Еуразиялық медициналық қауымдастықтың басқарма төрағасы, спикер Надежда Михайловна Петухова жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды Жолдауда айтылған проблемалық аймақтар мен елдің одан әрі үдемелі қозғалысының стратегиялық бағыттарын қамтудың кешенділігімен таныстырды.

«Amanat» партиясы «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Азат Серікұлы Ибраев өз сөзінде биылғы Жолдаудың сипаты мен құрылымы жағынан алдыңғы Жолдаулардан өзгеше екенін атап өтті.

Басқарма төрағасы Мұратов Тимур Мұратұлы өз сөзінде бұл Жолдау еліміздің дамуына ықпал ететін көптеген қызмет салаларын қамтығанын айқындап өтті.

Талқылау барысында ҰШМҮО ұжымы мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді, бұл еліміздің медицина саласының дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.

FaLang translation system by Faboba