fbpx

KZ

2023 жылғы 22 тамызда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жедел медициналық жәрдем бригадасымен сол жақ жауырын иррадациясымен жүрек аумағының қатты ауырсынуы, суық тер, жалпы әлсіздік шағымдарымен 59 жастағы ер адам жеткізілді.

Қабылдау бөлімшесі деңгейінде пациент қан қысымының 80/50 мм.сын. бағ дейін төмендегенін байқалды. ЭКГ-ден өткізілді. Клиниканы ,ЭКГ-дағы өзгерістерді ескере отырып, пациентке коронарлық тамырлардың өткізгіштік жай-күйін бағалау және одан әрі емдеу тактикасын анықтау мақсатында шұғыл коронарангиография жүргізілді.

Ер адам көптеген жылдар бойы артериялық гипертониямен ауырады. Темекі шегеді, 2-типті қант диабеті бар.  Миокард инфарктісі үш рет алған.

Облыстық аурухана базасында стент орнатылып, коронарлық ангиопластика жүргізілді.

Пациенттің жай-күйінің ауырлығын, терапияның тиімсіздігін, қайталанатын стент тромбоздарын ескере отырып, ер адам 2023 жылғы 9 қыркүйекте әрі қарай емдеу үшін медициналық авиация бортымен Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba