fbpx

KZ

ҰШМҮО облыстық және қалалық ЖМЖ станцияларының, МСАК жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінің және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлерін жедел медициналық жәрдем көрсетудің халықаралық стандарттарына оқыту процесінде алған білімдерінің сапасына мониторинг жүргізу және бақылау жөніндегі бірыңғай оператор болып табылады.

«2022-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жол картасы» 15-тармағын іске асыру шеңберінде 28-29 тамызда Қостанай қаласында, сондай-ақ 4-5 қыркүйекте Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы өңірлері жедел медициналық жәрдем станцияларының қызметкерлерін халықаралық стандарттарға сәйкес BLS, ACLS, PALS, PhTLS стандарттары бойынша трейсер нысанында жедел медициналық жәрдем көрсету дағдыларын оқыту сапасына бақылау жүргізілді.

FaLang translation system by Faboba