fbpx

KZ

19 тамызда Ақшабұлақ кен орнында цистерна жарылып, салдарынан өрт шыққанын естеріңізге сала кетейік.

Пациент ауыр жай-күйде шамамен 45 % зақымдану орнымен Қызылорда облысының көпбейінді облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Жай-күйінің ауырлығына және ауыр күйік шок орын алуына, терінің кең көлемде зақымдануына байланысты бейінді мамандарды тарта отырып, бірнеше рет бетпе-бет және телемедициналық консультация өткізілді.

Бүгінгі күні медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында пациенттің жай-күйі әуе кемесімен комбустиолог-дәрігердің және медициналық авиацияның мобильдік бригадасының алып жүруімен Астана қаласының № 1 көпбейінді ауруханасына тасымалдауға мүмкіндік берді, онда оған операция жасалып, емдеу жалғастырылады.

Пациентімізге күш-қуат және тезірек қалпына келуді тілейміз!

FaLang translation system by Faboba