fbpx

KZ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы барша қазақстандықтарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды!

Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері мен оқытушыларын арнайы құттықтаймыз.

Құрметті медицина мамандығының студенттері! Сіздердің көпшілігіңіз бұрыннан таныс аудиторияға келесіздер, ал биыл оқуға түскен түлектер медицина әлеміне алғаш қадам басып отыр. Сіз жер бетіндегі ең маңызды да, асыл мамандықтардың бірін таңдадыңыз. Біздің мамандықтың негізгі міндеті – адам денсаулығы мен өмірін сақтау. Бұл қажырлы еңбек пен үлкен жауапкершіліктен тұрады. Медицина қызметкері болу – бұл өмірлік жолыңызды таңдау ғана емес, бүкіл өміріңізді арнайтын кәсіп.

Оқу жылдарында сіз заманауи медицина және практикалық дағдылар туралы қажетті білім аласыз, өз бетіңізше шешім қабылдауға үйренесіз және кәсіби міндетіңізді орындауға дайын боласыз. Сізге бұл жолда жоғары деңгейлі және тәжірибелі оқытушылар көмектеседі. Осындай асулардан кейін, қымбатты болашақ әріптес, біз сіздерді денсаулық сақтау және шұғыл қызмет саласындағы қызметкерлер қатарынан көруге асыға күтеміз.

Мереке құтты болсын! Сіздерге үлкен жетістік пен қызықты жаңалықтар тілейміз!

FaLang translation system by Faboba