fbpx

KZ

Биыл Ұлы Абайдың туған жері – Семейде бас қосқан Қазақстанның әр аймағынан 20 команда үздік жедел жәрдем бригадасы атағы үшін күресті.
Әрбір команда нақты жағдайға барынша жақын клиникалық станциялардан өтіп, муляждар мен стандартталған науқастарды пайдалана отырып, зардап шеккендерге көмек көрсетуде өз дағдыларын көрсете алды.
Бүкіл процесс медицина саласындағы танымал сарапшылардан тұратын құзыретті қазылар алқасының жіті назарында және бағалауында болды.
Спартакиада қорытындысы бойынша 230 ұпай жинаған Абай облысының командасы үздік деп танылды. Команда Спартакиаданың Гран-приімен марапатталды.
Бірінші орын Солтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды (202 ұпай).
Екінші орында Жамбыл облысының командасы (201,5 ұпай).
201 ұпаймен үшінші жүлделі орын Астана командасына бұйырды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Еліміздегі жедел жәрдем қызметінің барлық қызметкерлеріне жанқиярлық еңбектері үшін алғыс айтамыз!
Келесі кездескенше!
FaLang translation system by Faboba