fbpx

KZ

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ұйымдастырған жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадаларының Республикалық спартакиадасы салтанатты түрде басталды.

Спартакиадаға қатысушылардың алдында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Абай облысының әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде ҰШМҮО Басқарма төрағасы Т. Мұратов Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел медициналық жәрдем қызметінің маңыздылығын атап өтті. Шұғыл медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, спартакиаданың барлық қатысушыларына табыс пен жеңіс тіледі.

Биыл спартакиадаға еліміздің барлық өңірлерін ұсынатын 20 команда қатысуда.

Спартакиадаға қатысушылар берілген ситуациялық жағдай шеңберінде кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша бірнеше клиникалық станциялардан өтеді. Әрбір тапсырма үшін манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, нақты жағдайға барынша жақын клиникалық станция дайындалды.

Топтық жұмыс, қызметкерлердің уақыт пен кеңістікте шектеулі жағдайларда пациенттің өмірін сақтау үшін оңтайлы шешімдер қабылдау қабілеті, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуде тактикалық шешімдер қабылдауда толықтығы, үйлесімділігі мен жеделдігі бағаланатын болады. Бригадалардың жұмысын құрамына медицина саласындағы белгілі мамандар кіретін құзыретті қазылар алқасы бағалайтын болады. 

Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысымен танысады.

Сондай-ақ, спартакиадаға қатысушылар үшін кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша мастер-класс өткізілетін болады.

Бұл спартакиада жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлері арасында өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді, шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы табысты тәжірибенің мысалдарымен алмасады.

Іс-шараның демеушілері: «Ainalamed» ЖШС (WEINMANN Emergency Medical Technology, Spencer Italia srl, GS Elektromedizinische Geräte G. Stemple GmbH), «Банк ЦентрКредит» АҚ, «WDSOFT» ЖШС, «Астана-Моторс» Мотор компаниясы» ЖШС, «Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС.

FaLang translation system by Faboba